+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Сенаторлар астанада өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты

2021 жылғы 18 қыркүйек 16:33
Бөлісіңіз:
Сенаторлар астанада өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлері дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мәулен Әшімбаев Патриарх Кириллмен кездесті Сенатта түркі мемлекеттері ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланды Ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінген 3,7 мыңнан астам грант игерілмеген

Олар Шабал Бейсекова көшесінің бойына қарағаш пен шегіршін, емен мен қарағай және терек көшеттерін отырғызды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасы әзірленетін болды және ағаш отырғызу жөнінде белсенді жұмыс жүргізу көзделіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың орман қорына 2 миллиардтан астам ағаш және еліміздегі елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы бастамасы қоғам қолдауына ие болды.

Сенаторлар экологиялық проблемаларды шешу және көгалдандыру жұмыстарын заң шығару қызметі аясында ғана емес, сондай-ақ экологиялық шараларға қатыса отырып қолдауы тиіс екенін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT