+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Сенаторлар Арыс тұрғындарымен кездесті

2019 жылғы 21 тамыз 19:24
Бөлісіңіз:
Сенаторлар Арыс тұрғындарымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Арыстың көшелері жөндеуден өтіп, кәріз жүйелері жаңартылды – қала әкімі Роман Скляр Арыстағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты Асқар Мамин Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарын көрді

Депутаттар әр тұрғынына 100 мың теңгеден беру бойынша жұмыс барысын, қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сапар барысында шаһардағы жаңа стадионды қайта ретке келтіру мәселесі де көтерілді.

Депутаттар облыстағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Ордабасы мен Түлкібас аудандарына барғанда субсидиялау, ауыл шаруашылығына несие бөлу, мал өнімдерінің бағасын түсіру сияқты маңызды мәселелер көтерілді.

Сайрам ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде мұғалімдер мәртебесін көтеру, комуналдық төлемдер құны, әлеуметтік медициналық сақтандыр туралы сөз болды.

Сондай-ақ, Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкенттегі жұмыс сапары аясында атаулы әлеуметтік көмек арқылы үйінен тігін цехін ашып, оны дөңгелетіп отырған Тілләгүл Қарсыбаеваның шаңырағында болды.

«Күміс алқа» иегері Тілләгүл Тасболатқызы сенаторға қалай шағын кәсіпке келгенін әңгімеледі. Мемлекеттен берілген қаражатқа тігін машиналарын сатып алып, жұмысын бастаған.

Кездесу барысында А.Жарылқасынқызы мемлекеттік қолдау шараларының аясында көп балалы отбасылар жаңа мүмкіндіктерге ие болатынын айтып өтті.

Жалпы Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмекті алуға 68 мың отбасы құжат тапсырып, оның 40 мыңға жуығына әлеуметтік көмек тағайындалған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Арыс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT