Сенаторлар Алматы тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаторлар Алматы қаласының тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау – бүгінгі таңдағы аса маңызды мәселелер болып отыр.

Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Динар Нөкетаева, Бақытжан Жұмағұлов және Нұртөре Жүсіп Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу барысында талқыланған негізгі тақырыптар осы болды.

Депутаттар қала тұрғындары көтерген барлық проблемалық мәселелерді бақылауға алатынын және атқарушы органдардың назарына міндетті түрде жеткізетінін атап өтті.

Ел Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған реформалар да ауқымды әңгіменің тақырыбы болды. Кездесуге қатысушылар аталған бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, ондағы аса маңызды мәселелерге назар аударды.

«Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының жұмысын жандандыру жөніндегі Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтардың маңызы зор. Еліміздің Президенті мәслихаттардың рөлін арттыру, олардың дербестігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бұл азаматтардың өкілетті билікке деген сенімін нығайту үшін қажет» , - деді Динар Нөкетаева.


Соңғы жаңалықтар