Сенаторлар Ақмола облысында болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағыміндеттерді түсіндіру мақсатында ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаторлардың Ақкөл ауданының активімен өткен кездесуіне аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысты. Делегация құрамында депутаттар Бірғаным Әйтімова, Серік Бектұрғанов, Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нүкетаева және Мұрат Бақтияров бар.

Кездесуде комитет төрайымы Бірғаным Әйтімова жиынға келген облыстық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына, өңірлік және аудандық мәслихат депутаттарына, жұртшылық өкілдеріне жұмысшы тобының атынан алғысын білдіріп, Жолдаудың мерейлі міндеттерін жүзеге асырудағы бастамашылдық қызметтеріне табыс тіледі.

«Елбасының Жолдауы қыруар еңбекпен, маңдай термен келген жетістіктеріміздің жалғасын көрсетеді. Жолдауда: «Біздің стратегиялық мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу» деген жолбастар сөздер жай айтылған жоқ. Бұған біз жетеміз. Халқымыздың қайыспас рухы осыны меңзейді. Қуатты мемлекеттің қуатты халқы да болуы керек. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті Жолдауы осы ұлық сөзді айтып отыр, бұған берік негіз барын көрсетті», - деді Бірғаным Әйтімова.
null 

Сенат комитетінің төрайымы Жолдауда алдағы уақытта ең төменгі еңбекақының 1,5 есе өсетіндігін, білім беру мен денсаулық сақтау қызметінің сапасы артатындығын, өмір сапасының  жақсаратындығын түсіндірді.

Комитет хатшысы Серік Бектұрғанов пен мүшелері Бақытжан Жұмағұлов, Мұрат Бақтиярұлы, Динар Нүкетаева Жолдаудың жылдағыдан ерте жасалуы ондағы міндеттерді орындауға негіз болатын бюджетті қалыптастыру үрдісіне байланысты екендігін және оның қайтарымы бақылауда болатындығын атап өтті. Сондай-ақ қазір ел тұрғындарының 72,5 пайызының өмір жағдайы жақсарғандығын, «Педагогтар мәртебесі туралы заңның» маңыздылығын, Жастар жылын жариялаудың мәнін, агроөнеркәсіптегі коопертивтік қозғалыс пен қайта өңдеу саласын, жалпы бәсекелестік мазмұнын, өмір сапасын артыруға бағытталған бағдарамалардың қажеттілігін айтты.
null   null null null 

Сапар аясында сенаторлар Ақкөл және Бұланды аудандарында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Соңғы жаңалықтар