Сенаторлар агроөнеркәсіп кешені заңнамаларын жетілдіру мәселелерін талқылады

None
None
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшыларымен кездесті.

Онда агроөнеркәсіп кешені саласына қатысты заңнамаларды жетілдіру, құқықтық қатынастарды реттеу мәселелері талқыланды.

Қазақстан аграрлы мемлекет және агроөнеркәсіп кешені оның экономикасының маңызды саласы болып табылады. Сондықтан да, елімізде осы салаға басымдық берілуде.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы 3 мамырда өткен Астаналық экономикалық форумда өз сөзінде бүгінгі әлем экономикасының алдында негізгі үш экономикалық мақсат тұрғанын атап көрсеткен болатын. Олар: қаржы, индустриялық инновация және азық-түлік қоры. Азық-түлік қорының ресурстарын дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Азық-түлікке байланысты дағдарыс зардаптары - бұл әлеуметтік және саяси жағдайлардың асқынуы. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы ішінде, әсіресе соңғы жылдары мемлекеттік құрылыс шеңберінде отандық ауыл шаруашылығының өнімділігін, бәсекелестігін көтеру үшін заңнамалық база қалыптасты», - деді жиынды ашып сөз сөйлеген комитет төрағасы Болат Жылқышиев. Оның айтуынша, қазіргі уақытта агроөнеркәсіп кешенінің заңнамалық базасын одан әрі кеңейту мен жетілдіру, оны халықаралық тәжірибе нормаларымен сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте жеке бастамашылықты дамыту үшін қағидалы жаңа жағдайлар жасайтын және азаматтарға табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін жауапкершілікті мемлекетпен бөлісуге мүмкіндік туғызатын Су және Орман кодекстерін қабылдау айрықша орын алады.

Кездесу барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков агроөнеркәсіп кешені саласына қатысты заңнамаларды жетілдіру, құқықтық реттеу мәселелері бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, кездесу барысында алдағы уақытқа жоспарланған заңнамалық қамту шаралары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар