Сенаторлар Әділет министрімен кездесті

None
None
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбековпен кездесу форматындағы жиын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүздесу барысында Әділет министрі Р. Түсіпбеков депутаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі жөнінде қысқаша баяндап берді.  Министрдің айтуынша, бүгінгі күні жалпы еліміз бойынша 311 Халыққа қызмет ету орталықтары жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде 24-і Орталық, 26-сы облыс орталықтарындағы филиалдар, 191-і қалалық, аудандық филиалдар, 70-тен астамы өкілдіктер ретінде жұртшылыққа қызмет көрсетуде. «Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қазіргі штаттық қызметкерлер саны 8 мың 560 адамды құрайды. Келесі жылдан бастап ондағы жұмыс істейтіндер саны да артуы мүмкін. Ағымдағы жылдың 9 айында Орталықтар арқылы халыққа 8 млн.-ға жуық қызметтер көрсетілді. Ал қазіргі күні бұл нысандарда өтініштерді қабылдау мен дайын құжаттарды беру жұмыстары бойынша 53 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі», деді Р. Түсіпбеков. Министрдің айтуынша, аталған 53 мемлекеттік қызметтің 20-сы жергілікті атқарушы органдардың қызметі, 18-і әділет органының аумақтық қызметіне жатады.    

Кездесу барысында сенаторлар Орталықтар ұсынған қызмет сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге қатысты сауалдар қойды. Сондай-ақ, жиында еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар