+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Сенаторлар адам құқығы негіздерін бастауыш сыныптан оқытуды ұсынды

2020 жылғы 19 қараша 13:14
Бөлісіңіз:
Сенаторлар адам құқығы негіздерін бастауыш сыныптан оқытуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Олардың айтуынша, азаматтардың өз құқықтарын қорғау мәселелерін толық білмеуі құқықтық тетіктерді қолдануға мүмкіндік бермейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын балаларға қатысты қылмыс саны көбейіп отыр. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, биыл елімізде мұндай жағдай 8 пайызға өскен. Оған кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы фактілерді жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі де себеп болды. Жалпы, 70 пайыздан астам жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды жақын, туыс адамдар жасайтыны алаңдатады», – делінген сенаторлардың депутаттық сауалында.

Соған сәйкес олар адам құқықтарының негіздерін жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізуді ұсынды.

«Қазір жоғары сыныптарда «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады. Оның мазмұны адам құқықтары мен бостандықтарының мәні, оларды қорғау тәсілдеріне емес, адам табиғаты туралы жалпы пайымдаулар төңірегінде ғана жүреді. Қоғамдағы ахуалды ескеріп, аталған пәнді бастауыш сыныптардан бастап оқытқан жөн деп есептейміз», – деді Нұртөре Жүсіп.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT