+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Сенаторлар 2020 жылдың бюджеті бойынша Үкіметтің есебін талқылайды

2021 жылғы 14 маусым 12:07
Бөлісіңіз:
Сенаторлар 2020 жылдың бюджеті бойынша Үкіметтің есебін талқылайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаторлар 2020 жылдың бюджеті бойынша Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің есебін талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мәулен Әшімбаев: Ғылыми көзқарас қалыптастыратын салалық журналистиканы дамыту керек Артық жүк тиеп жүрген көліктерге қатысты айыппұлдар тиімсіз болып тұр - Берік Камалиев Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға қатысты түзетулер енгізіледі

«Палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болып, онда депутаттар Сенаттың 2021 жылғы 17 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібін бекітті. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі туралы мәселе кезекті отырыстың күн тәртібіне енгізілді», - делінген Сенат баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сенаторлар Палатаның алдағы отырысында «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен қарайтын болады.

Құжат фельдъегерлік байланыстың міндеттері мен қағидаттарын заңнамалық тұрғыда бекітуге, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін айқындауға, олардың құқықтық жағдайын реттеуге, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер белгілеуге бағытталған. Заң жобасын қабылдау қызметтің құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін және қызметкерлердің мемлекеттік органдарымен өзара жедел іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Бюро отырысы барысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT