Сенатор Ж.Төрегелдинов Алматыда сайлаушылармен кездесулер өткізді

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары аймақтарда бірқатар сайлаушылармен жүздесті. Атап айтқанда, Сенатор Жұмабек Төрегелдинов Алматы қаласының өкілді және атқарушы биліктің, бизнес қауымдастығының өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәселен, Түрксиб ауданының активімен, Локомотив депосының жұмысшыларымен, Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен кездесуде Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі ережелері, сондай-ақ, бесінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жұмыс қорытындылары талқыланды. Алматы қаласы Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесулерде бизнесті ынталандыру мен заңнамалық тұрғыда қолдау және әкімшілік рәсімдерді одан әрі оңайлату мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, Ж.Төрегелдинов сайлаушыларды Сенаттың парламентаралық қызметінен хабардар етті. Кездесуге қатысушылар жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, жұртшылыққа жасалған қамқорлықтары мен мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағдары үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар