Сенатор Ж.Ерғалиевтің «Жетім тағдыр» шығармасы қарағандылықтардың көңілінен шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Адам баласының ізгілігі мен мейірімін, бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен махаббатын сақтап қалуға қазіргі уақытта өнер жауапты! Бұл туралы Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры көрермендеріне «Жетім тағдыр» шығармасын ұсынған елімізге танымал, талантты жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев мәлім етті.

Бұл жолы қарағандылықтар драматургтің «Жетім тағдыр» шығармасының қойылымын ерекше бір ықыласпен тамашалады. Қазақстанның мәдениет қайраткері, талантты режиссер Сламбек Жұмағали сахналаған бұл шығармаға бүгінгі күннің әлеуметтік қайшылықтары мен екі жастың шынайы махаббаты және бақытқа жетер жолдағы күресі арқау болған. Бір-бірін өлердей сүйген екі ғашық шаңырақ көтеріп, махаббат дариясының кәусарларына шөлдерін қандырғылары келгендерімен, Жазираның ата анасы «детдомда» өскен тұл жетімге қыздарын бергісі келмейді. Сол жетім тағдырлы Сәбит ықпалды адамдардың күшімен еріксіз жындыханаға тоғытылады. Алайда сол жындыханадан Сәбит қашып шығып, Жазира екеуі шалғайдағы ауылда отырған Есен мен Жәнипа қарияларды паналайды. Ең бастысы қаймағы бұзылмаған, ұлттық үрдіс пен бабалардан жалғастығын тауып келе жатқан ізгі қасиеттерімізді сақтап қалған ауылдың кеңдігі, тіршілік көзін жандандырып, нар тұлғалы ұрпақ тәрбиелеп жатқандығы мен қала адамдарының психологиялық қайшылықтары таласты қыздырып, көңілге түрлі ой салады, Адам азбасын, ұрпақ тозбасын деген автордың негізгі ойын театр актерлері өздері сомдаған кейіпкерлері арқылы шынайы жеткізе білді.

Көрерменнің көңілдерінен шыққан драманың премьерасы сәтті өтіп, зор ықыласқа бөленді. Бұл қойылымды тамашалауға автормен бірге Сенат депутаты Ю.А. Кубайчук те қатысты.

Соңғы жаңалықтар