Сенатор Ж.Ерғалиев: «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі шырқы бұзылайын деп тұрған дүниежүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсері зор

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінің мазасы кетіп, шырқы бұзылайын деп тұрған бүгінгі дүбірлі дүниенің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор әсері тиері сөзсіз. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев пікірін білдіріп отыр.

Сенатордың айтуынша бірін-бірі санкциялау арқылы сіресіп қалған дүниенің  беті бері қаратар Елбасының ақыл-парасатқа толы бар айтқандарын әлем жұртшылығы қуана құптап отыр.

«Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тарихтағы адамзат баласының ядролық қарусыз дамуының жаңа кезеңін бастап берген саяси дара тұлға екендігін де  әрдайым қайталап айтудан жалықпайық!

Вашингтондағы Саммитте сөз  сөйлеген  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығының қатарына  кіретінін айта келіп,  Қазақстанның   бүгінгі күні  уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып,  осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.

Ендігі арада түрлі елдердің ұлттық энергетикалары мен өнеркәсіптерін төмен байытылған отынға көшіру ісін ынталандыру шараларын әзірлеуі қажеттігін алға тартты. Өйткені, тұтас планета бойынша жыл сайын адам санының жедел артуы мен осы заманғы ғылымның шапшаң қарқынмен дамуы энергия көздеріне деген сұраныстың өлшеусіз өсе түсері бар. Ендігі заманның мүддесін ядролық технологиясыз  қазірдің өзінде елестетудің өзі мүмкін де емес.

Елбасының «мемлекеттердің азаматтық ядролық технологияларға қол жетімділігі тең болуын қолдайды» деуі адамзат санасындағы атомның күші мен құдіреті әуелде сол адамзатты қырып-жоюға бағытталған деген әуелгі сананы өзгерту керектігін меңзегендігі деп ұғынғанмыз абзал.

Қазіргі уақытта оқта-текте болса да, аспанға көтерілген ұшақтардан бастап, адамдардың ең көп шоғырланған жерлерінде аяусыз-ақ жарылыстар жасап жатқан терроршылардың жаппай қырып-жою қаруын да пайдаланып кетулерінің  нақтылы жағдайға айналып отырғанын да айта келіп, Елбасының  Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында барлық елдің қатысуымен терроризмге қарсы күрестің жаһандық желісін құру қажеттілігінің де пісіп-жетілгендігін алға тартуы бүгінгі үрейлі әлемнің жарияланбаған соғыстан жеңіліс таппауын алдын-ала ойлағандығы еді. Мұнда жалпы Адамзат тағдыры жатыр.

Сол барша адамзатқа   жаһандық соғыс қатері төніп тұрғандығын да Нұрсұлтан Назарбаев өз Манифесінде  ашық айтты.  Дүниені соғыс вирусы жайлап бара жатқандығына алаңдаушылығын білдірген Елбасы  сол соғыс және де милитаризм адам баласының ой санасы мен мінез-құлқына тереңдей бойлап, еніп барады дегенді де жасырмай айтты. Ал адам баласының санасындағы соғыс кез-келген қару түрінен де қауіпті  болары анық.

Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына  «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты  кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Сол ойын нақтылы етіп тұжырымдай отырып, Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, «қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі», «жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді» және  де «мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді алға тартты.

Егер де Адамзат баласы біз, бүгінгі мына тіршілікті, өзімізді және келер ұрпақты сақтап қаламыз десек, Елбасыны бұл қағидаттары бүгінгі дүниенің берік ұстанымына айналуға тиісті», деді сенатор.

Соңғы жаңалықтар