USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Сенатор туризмді дамыту үшін теңіз вокзалын салуды ұсынды

2021 жылғы 28 қазан 11:31
Бөлісіңіз:
Сенатор туризмді дамыту үшін теңіз вокзалын салуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Нариман Төреғалиев «Қазақстандық ішкі туризмді дамыту - уақыт талабы» тақырыбындағы парламенттік тыңдауға дайындық аясында және Маңғыстау облысына сапар қорытындысы бойынша Премьер-Министр Асқар Маминнің атына өңірдегі туризмді дамыту туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыға биыл 54 мыңнан астам шетелдік турист келген Маңғыстау өңірінің қандай туристік орындарына жол салынады

Сенатор Маңғыстау облысының туристік аймақтарында 1 100 шақырымнан астам жолды күрделі жөндеу және қайта жаңарту қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, өңірде құрғақ жүктер мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған «Ақтау теңіз сауда порты» және «Құрық» порттары бар. Олардың екеуі де ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Алайда, олар тек жүк тасымалдау бағытына арналған. Ал жолаушы кемелерін қабылдаудың мүмкіндіктері қарастырылмаған.

«Өңірде туризмді одан әрі дамытуға серпін беру үшін жолаушылар теңіз вокзалын салу қажет. Жалпы, теңіз вокзалының салынуы туризммен бірге, өңірдің экономикасына жаңа серпін беретіні сөзсіз», - деді Нариман Төреғалиев Сенаттың жалпы отырысында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT