Сенатор тәртібі қиын балаларға арналған лагерьде болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында еліміздің Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қала сыртындағы лагеріне барды, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.

Депутат балалардың қала сыртындағы демалыс аймағында болу бағдарламасымен танысты және Академия басшылығымен қиын жасөспірімдерге арналған лагерь ұйымдастыру бастамасы туралы жан-жақты әңгімелесті. Балалар қала сыртында алғаш рет демалғандарын айтып, алдағы жылдары да демалысты осылай ұйымдастыру туралы өтініш жасады.

Балалар қаладан академияның автобусымен барады, сондықтан тамақтануға ғана ақша шығады екен. Сенатор білім және ғылым, ішкі істер министрліктерімен бірлесе отырып Ш.Қабылбаев атындағы академияның оң тәжірибесін қарастыру және осы тәжірибені мүмкіндігінше тарату жайында ойларын ортаға салды. Бұл еліміздегі жеке инвестицияға қиын балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру жөніндегі алғашқы тәжірибе болып отыр.

Соңғы жаңалықтар