Сенатор Нұрлан Бекенов ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты

None
Фото: senate.parlam.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста «ТүркПА-ға мүше елдердегі биоалуантүрлілікті қорғау» отырыстың басты тақырыбы болды. Сенатор комиссия қызметінің қорытындылары мен осы тақырыптағы баяндаманы басқа елдерден парламентшілерімен бірге талқылады.


Кездесуге қатысушылар биоалуантүрлілікті қорғау саласын заңнамалық қамтамасыз ету мен халықаралық өзара іс-қимыл қажеттігін, сондай-ақ осы саладағы ағымдағы ахуал мен проблемалар туралы халықты хабардар ету үшін парламенттік қызметтің маңыздылығын атап өтті.

Комиссия мүшелері сонымен қатар, «Репродуктивті денсаулықты сақтау туралы» үлгі заң жобасы бойынша атқарылған жұмыстарды талқылады.


Соңғы жаңалықтар