+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Сенатор медколледждердің білім сапасын сынады

2020 жылғы 28 ақпан 18:38
Бөлісіңіз:
Сенатор медколледждердің білім сапасын сынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі медициналық колледжердің білім беру сапасы төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Сенат депутаты Серік Бектұрғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Парламент пен Үкімет ғимаратына кіруге шектеу қойылды Министрлік медиаторларды даярлау ережесін қайта қарауды ұсынды Қазақстан мен Армения арасында ресми құжаттарды танудың оңайлатылған тәртібі белгіленді

«2019 жылы еліміздегі 80 колледждің 21 мыңға жуық түлегінің біліміне бағалау жүргізілді. Жалпы, елімізде медицина мамандарын дайындайтын 85 колледж бар. Орташа көрсеткіш 75 баллды құрады. Білімін дәлелдей алмағандардың үлесі 3 пайыз болды. Ең төмен нәтижені бір мемлекеттік және 27 жекеменшік колледж көрсетті»,- деді сенатор.

Мәселен, оның дерегінше, Алматыдағы Мәриям медицина колледжі түлектерінің шамамен 80 пайызы шекті балды жинай алмаған. Оңтүстік Қазақстан медицина колледжі түлектерінің - 41, Шымкенттегі Орталықазиялық медицина колледжі түлектерінің 38 пайызы білімдерін дәлелдей алмады. Бұған қоса, білімін растай алмаған студенттерге диплом беру фактілері де кездеседі.

«Тіпті емтиханға мүлдем келмегендерге де диплом берілген. Ал, бұл өрескел заң бұзушылық. Мұндай жайттар орта кәсіби медициналық білім беру жүйесіндегі түсініксіз жағдайға байланысты орын алуда. Олар білім беру жүйесінен білім беру қызметіне лицензия алады. Ал қалғанының бәріне облыстық денсаулық сақтау басқармалары жауап беруі тиіс. Жекеменшік медициналық колледждер болса тіпті, өкілетті органдар тарапынан, білім беру саласынан да, денсаулық сақтау саласынан да бақыланбайды. Бұл жағдайды тез арада өзгерту қажет», - деді Серік Бектұрғанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT