Сенатор Əли Бектаев ОҚО-ның екі ауданының тұрғындарымен кездесті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Əли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы  Сайрам және Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездесті. Сенатор Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауының оң басты бағыттарын  түсіндіріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Сайрам ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен  отырыс кезінде  Əли Әбдікәрімұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Республика деңгейінде атқарылған жұмыстар туралы айта келе, мақаланың  ұлттық кодымызға, болмысымыз бен санамыздың дамуына маңызы өте зор екендігін жеткізді. Кездесу барысында аудан депутаттары мен тұрғындар тарапынан сенаторға сауалдар қойылып,  тиісті деңгейде жауаптар берілді.
null 
null 

Дәл осындай кездесу Түлкібас ауданында да өтті.
null 

Әли Бектаев, сонымен қатар, Ақсукент елді мекенінің іргесіндегі жылыжай кешенін аралап көрді. Қазір бұл кешен түрік технологиясымен қияр, қызанақ өсіреді. Аумағы 2 гектардан асатын жылыжай  жарты жылда 250-300 тонна өнім беруге қауқарлы. 

Соңғы жаңалықтар