+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Сенатор креслосымен қош айтысатын 17 депутат кім

2020 жылғы 12 маусым 17:19
Бөлісіңіз:
Сенатор креслосымен қош айтысатын 17 депутат кім

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 15 қазанда ҚР Парламенті Сенатының 17 депутатының өкілеттік мерзімі аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, депутаттық өкілеттігі аяқталатын сенаторлар мыналар: Рашит Әкімов (Ақмола облысынан), Марат Тағымов (Ақтөбе облысынан), Аңсар Мұсаханов (Алматы облысынан), Сәрсенбай Еңсегенов (Атырау облысынан), Сергей Плотников (Шығыс Қазақстан облысынан), Мұратбай Жолдасбаев (Жамбыл облысынан), Ерболат Мұқаев (Батыс Қазақстан облысынан), Сергей Ершов (Қарағанды облысынан), Серік Бектұрғанов (Қостанай облысынан), Бекмырза Еламанов (Қызылорда облысынан), Михаил Бортников (Маңғыстау облысынан), Манап Көбенов (Павлодар облысынан), Ольга Перепечина (Солтүстік Қазақстан облысынан), Әли Бектаев (Түркістан облысынан), Серік Жақсыбеков (Нұр-Сұлтан қаласынан), Төлеубек Мұқашев (Алматы қаласынан) және Айгүл Қапбаров (Шымкент қаласынан).

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шықты.

Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының онлайн режимде отырысы өтіп, онда сайлауға қатысты күнтізбелік іс-шарлар жоспары бекітілді және ертеңнен бастап Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталатындығы айтылды. Сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптар жария етілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT