Сенатор: Қорғаныстық тапсырыстарды қазақстандық зауыттарға беру керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстардың бірыңғай саясатын қалыптастырудың маңызы зор. Бүгінгі Сенат отырысында депутат Нұржан Нұрсипатов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатор заңға тәуелді актілерді «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заң нормаларына сәйкес келтіруді ұсынды. Екіншіден, ережелерді жиі өзгертуді доғару керектігін айтты.

«2019 жылғы 14 қазанда заң нормаларын іске асыру үшін Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру және орындау ережелері қабылданды. Алайда, 8 айдан кейін өкілетті орган жаңа Ережелерді әзірлеп, Үкімет оны бекіткен. Заңнан кейінгі актілерді жиі өзгерту бизнес қауымдастыққа, оның қызметіне кері әсерін тигізеді», – деді Нұржан Нұрсипатов Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдің атына жолдаған сауалында.

Сенат депутаты Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесінің жаңа редакциясы оған отандық бизнестің қатысу мүмкіндігін төмендететінін айтып, алаңдаушылық білдірді.

Нұржан Нұрсипатов бұл Президенттің өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру туралы тапсырмасына қарама-қайшы келетінін де атап өтті.


Соңғы жаңалықтар