Сенатор Конституцияда судьяларға талаптарды атап көрсетпеуді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Сенат депутаты Людмила Полторабатько Конституцияда судьяларға қойылатын талаптарды атап көрсетпеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенатор заң жобасымен Конституцияның 79-бабы 3-тармағының жаңа редакциясы ұсынылып отырғанын, онда еліміздегі соттар судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңмен айқындалатыны белгіленгенін еске салып өтті. Оның пайымынша, судья лауазымына кандидаттарға талаптар туралы Конституцияда норманы бекіту мемлекеттің қалыптасуы кезеңінде орынды болды.

«Қазіргі кезде құқықтық негіздер, судьяларды іріктеу тәртібі, сот қызметінің құқықтық негіздері, судья лауазымына кандидаттарға талаптарының барлығы «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы», «ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» конституциялық заңдарда бекітілген. Сондықтан да Конституцияда судья лауазымына кандидаттың біліктілік талабын атап өтудің негізі жоқ деп санаймын»,-деді ол.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, конституциялық реформаларды ескере отырып, Үкімет пен Парламент қандай жағдайда жұмыс істейтіндігін түсіндірген болатын.

Жалпы, Қазақстан халқы ел Конституциясына билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі бойынша енгізілетін түзетулерді қолдады. Бұл туралы 1 наурызда Ақордада өткен билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім еткен еді.

 

Соңғы жаңалықтар