Сенатор Қарағанды облысының судьяларымен сот жүйесін реформалау мәселесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров өңірге жұмыс сапары аясында Қарағанды облыстық сотында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттың судьялар корпусымен кездесуінде ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауын талқылауға баса назар аударылды.

Сенатор кейінгі жылдары сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, судья кадрларын жақсарту, судьялардың дербестігін күшейту, сот қызметінің сапасын арттыру жөнінде жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті. Депутат Мемлекет басшысының Конституциялық сот құруға, судья қызметіне кадрларды іріктеудің ашық жүйесін енгізуге және алқабилер соттарының қарауына жататын істер санатын кеңейтуге байланысты бастамаларына ерекше назар аударды.

Депутат сапар барысында облыстық сот және соттар әкімшісінің ғимаратын, заманауи және қолайлы күту залы бар фронт-кеңсені, медиация кабинетін, озық IT-технологиялармен жабдықталған сот отырысының жаңартылған залын аралап көрді.

Жүздесуде Мемлекет басшысының Жолдауына орай еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру аясында Ұлытау облысының құрылуына байланысты қазіргі уақытта қолға алынып жатқан ұйымдастыру шаралары туралы айтылды.


Соңғы жаңалықтар