Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 27 қаңтарда қайтыс болған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл фактіні ҚазАқпарат тілшісіне Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды», - деп мәлім етті полиция департаментінен тілші сауалына орай.

Еске салайық, 27 қаңтарда сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды.

Оған алдын ала «анафилактикалық шок» диагнозы қойылған еді.

Дегенмен кейін Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 45 жасында көз жұмған Гүлмира Кәрімованың өліміне жүрек талмасы себеп болғанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар