Сенатор ел үмітін ақтаса екен - БҚО мәслихат депутаты

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Сенат депутаты ел үмітін ақтаса екен. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты Әсел Мырзахметова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, үміткерлердің үшеуі де - елге танымал адамдар.

Олар - қоғамдық өмірге өз үлестерін қосып келе жатқан азаматтар.

«Депутаттар дауысын беріп, өз таңдауларын жасады. Сайланған депутаттан не күтеміз? Біріншіден, ол өз бағдарламасын, ой-жоспарларын толық орындағаны маңызды. Екіншіден, Батыс Қазақстан облысында шешілуі тиісті мәселе жетерлік. Міне, соларды уақтылы шешуге атсалысса екен. Ең бастысы, халықтың аманатына адал болса екен», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ә.Мырзахметова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да таңдаушылар дауыс беріп жатырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ таңдаушы Сенат депутатын сайлаудың қалыпты өтіп жатырғанын жеткізді.

Батыс Қазақстаннан Арман Өтеғұлов Сенат депутаты болып сайланды.


Соңғы жаңалықтар