Сенатор Джон Маккейн өмірден озды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Америкалық сенатор Джон Маккейн 81 жасында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап. 

"Сенатор Джон Сидни Маккейн III  2018 жылы жергілікті уақытпен 16:28-де қайтыс болды", - делінген заң шығарушының аппараты таратқан мәлімдемеде.

Сондай-ақ онда марқұмның өмірмен қоштасар сәтінде жанында отбасы мүшелерінің болғаны айтылады.

Сенатор аппаратындағылар «Маккейннің 60 жыл бойы Құрама Штаттарға адал қызмет еткенін» атап өтті. Саясаткердің қайтыс болуына байланысты республикалықтар да, демократтар да көңіл айтуда.

24 тамызда сенатордың отбасы Маккейн дерттің асқынуына байланысты ем қабылдауын тоқтатқанын мәлімдеген еді.

АҚШ сенаторының диагнозы туралы 2017 жылы 19 шілдеде жарияланған. Маккейннің өкілдері онда сол жылғы 14 шілдеде Финикс қаласындағы (Аризона штаты) медициналық орталықтың хирургтері  сәтті ота жасағанын, сенатордың сол көзінен ұйыған қанды алып тастағанын хабарлаған болатын.

 Джон Маккейн Ресейге қатысты аса қатаң сын айтатын сенаторлар қатарында еді. Заң шығарушы бірнеше рет жаңа антиресейлік  санкциялар енгізуге шақырған болатын.

Соңғы жаңалықтар