+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Сенатор Дүйсенғазы Мусин: Елбасы мақаласында сын сағаттағы даму бағытына назар аударды

2020 жылғы 8 сәуір 18:32
Бөлісіңіз:
Сенатор Дүйсенғазы Мусин: Елбасы мақаласында сын сағаттағы даму бағытына назар аударды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарық көрді. Осы орайда Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин өз ойымен бөліскен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы қай елге болсын оңайға тиіп отырған жоқ. Осындай қиын қыстау жағдайда бізде алдымен береке-бірлік керек. Осынау ел басына күн туған сәтте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуін жолдап отыр. Біз Елбасы айтқандай, бұдан да қиын талай заманды бастан кешірдік. Одақ ыдырап, Тәуелсіз ел болған жылдары талай қиындық бастан өтті. Бірақ Елбасының салиқалы саясатының арқасында бүгінгідей даму деңгейіне жетіп отырмыз», - деді Д. Мусин.

Сенатордың пікірінше, бүгінде әлемге қауіп төніп отырған сын сағатында алдымен халықтың ішкі ынтымағы берік болуы тиіс.

«Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, Үкіметтің шешімімен ел амандығы мен экономикасын сақтау мақсатында шұғыл шаралар қабылданып жатыр. Оның ішінде шағын және орта бизнес пен ауыл шаруашылығы саласына баса назар аударылып, қолдау көрсетілуде», - деді ол.

Сонымен қатар, сенатор ауыл шаруашылығы мен биылғы егістік жағдайына қатысты өз пікірін алға тартты.

«Бізде ауыл шаруашылығына қажетті ресурстардың бәрі бар. Президент таяуда ғана өз үндеуінде жанар-жағар май бағасын төмендету, ауыл шаруашылығына қосымша қаржы бөлу жұмыстарын Үкіметке нақты тапсырды. Биылғы егістік ойдағыдай болады деген сенімдеміз. Бұл дегеніміз ертеңгі күнгі азық-түлік қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету деген сөз», - деді депутат.

Оның айтуынша, Елбасы өз үндеуі арқылы еліне одан әрі даму бағытын көрсетіп отыр.

«Осындай сын сағатында Елбасы халқына батасын берді, жол көрсетіп, бізде бар мүмкіндіктерге баса назар аударды», - деді Д.Мусин.

Фото: altaynews.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT