+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Сенатор Бірғаным Әйтімованың өкілеттігі тоқтатылды

2019 жылғы 12 тамыз 17:39
Бөлісіңіз:
Сенатор Бірғаным Әйтімованың өкілеттігі тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттіктері тоқтатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Сарықызы Әйтімова мен Асқар Асанұлы Бейсенбаевтың өкілеттіктері тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Асқар Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалған болатын.

Бірғаным Сарықызы ӘЙТІМОВА 1953 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді.
Орал педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Орта мектептің оқытушысы, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Орал облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі, қалалық, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1990-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Грекиядағы, Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі. 2007-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі. Куба Республикасындағы Елші міндетін қоса атқарушы (2007-2013); Соломон аралдарындағы Елші міндетін қоса атқарушы (2012-2013).

«Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бақытжан Серікұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT