Сенатор Андрей Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Андрей Иванович Лукин1961 жылы Целиноград қаласында туған.

1978-1983 жж. Целиноград инженерлік-құрылыс институты. Инженер- құрылысшы;

  • 1988-1993 жж. Е.А. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті.Заңгер-құқықтанушы мамандықтарын игерген.

Еңбек өтілі:

  • Целиноград облыстық атқару комитеті ІІБ 85-ӨСБ өрт сөндірушісі (1982-1983);
  • «Целинтрансстрой» трест аға инженері (1985);
  • Совет АІІБ СМҰҚКБ жедел уәкілі, аға жедел уәкіл, Целиноград ҚІІБ СМҰҚКБ бастығының орынбасары, Целиноград қ. 2 милиция бөлімшесінің бастығы, Ақмола қаласы Шығыс Ішкі істер бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, Ақмола қаласы МҚБ бастығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экономикалық полиция басқармасының бастығы, Ақмола қаласы Шығыс ІІБ бастығы (1985-1998);
  • Астана қ. тұрғын үй департаментінің директоры (05.1998-07.2003);
  • Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Аппараты департаментінің директоры (07.2003-09.2003);
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Вице-министрі (09.2003-04.2005);
  • Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары) (04.2005-02.2012);
  • Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары) (02.2012-11.2014);
  • Астана қ. әкімінің орынбасары (12.2014-2017);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (08.2017-04.2019).
  • Сайланбалы қызметтері, депутаттық қызметі:
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты (12.08.2019 ж. бастап), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (02.09.2019 ж. бастап).

Фото: senate.parlam.kz


Соңғы жаңалықтар