Сенатор Ә. Ахметов Страсбургте мұсылмандық жөніндегі теріс түсінікке қарсы сөз сөйледі

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі Страсбургте ЕҚЫҰ аясындағы дөңгелек үстелде сөз сөйледі.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Шара мұсылмандыққа қарсы теріс түсінікке қарсы іс-қимыл және көп мәдениетті қоғамдағы өзара түсіністікке білім беру арқылы серпін беру мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстелде сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың айтуынша, мемлекетаралық шиеленістердің, көші-қон ағындарының және экономикалық құбылыстардың нәтижесінде мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітушілік даму үстінде, әрі жаңа серпінге ие болып отыр. Осыған байланысты тәрбиешілер өздерінің мұсылмандарға қатысты төзбеушілік түсініктерін жақсартулары қажет және осы мәселеге қарсы іс-қимыл үшін қарым-қабілеттерін күшейте түсу қажет.

Осы құбылыстармен күресте ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО бірлесе отырып, тәрбиешілерді қолдау мақсатында «Мұсылмандарға қатысты төзбеушілікке қарсы іс-қимыл жөніндегі оқытушылар үшін басқарушылық ұстанымдары: білім беру арқылы исламофобиямен күрес» басылымын жария еткен. Аталмыш басылым мектептердегі мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітушілік көріністерін анықтауда және назар аудару барысында педагогтарға көмек көрсетуге бағытталған. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Басқарушылық ұстанымдарын» қолдану жөніндегі баяндама жарық көретін болады.

Соңғы жаңалықтар