Сенатолар жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болып, ауыл әкімдіктері бюджетінің қалыптасуын зерделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті әкімдіктерде өткен кездесуде Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауылдық бюджеттерді пайдаланудың жаңа сипатын 2012 жылы бекіткенін атап өтті.

«2012 жылы бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі – ауыл әкімдіктерінің бюджетті өздері қалыптастыруы мен оған иелік етудегі қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту болды. Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында да жергілікті билік органдарына бюджеттік дербестік беру туралы айтты», - деді Ольга Перепечина.


Осы ретте, төртінші деңгейдегі бюджет ауыл әкімдіктеріне орталық органдардан тәуелсіз болуға, ауыл проблемаларын өздері шешетіндей бюджетті дербес қалыптастыруға және бөлуге мүмкіндік беретінін айтуға болады. Осының бәрі ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін ескеруге, сол арқылы ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.


Бүгінгі тәжірибе көрсетіп отырғандай, жергілікті жерлерде төртінші деңгейдегі бюджетті енгізу кезінде сұрақтар мен проблемалар туындап отыр. Олардың ішінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің теңсіздігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларының оқшаулығы және басқа да мәселелер бар.

Сенаторлар осы саладағы мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеп, оларды жою үшін тиісті шаралар қабылдау жөн санап отыр.


Аслан Оспанов.


Соңғы жаңалықтар