Сенатқа сайлау: СҚО-да Ольга Перепечина жеңіске жетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Сенат депутаттығына сайлау өтіп, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының басым бөлігі өз дауыстарын Ольга Перепечинаға берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО-да Сенат депутатын сайлауға облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың 200-ге жуық депутаты қатысты. Сайлауға түсуге 5 кандидат ниет білдірген еді. Олардың үшеуі ресми тіркелді. Алайда, бір кандидат өз қалауымен тізімнен шықты. Нәтижесінде жиналғандар екі кандидат - Данголе Могунова мен Ольга Перепечинаға дауыс берді. Олардың екеуі де «Nur Otan» партиясының мүшесі. Сайлау барлық карантин талаптары сақтала отырып, дәстүрлі форматта өтті.

«Сайлаушы ретінде 194 адам тіркелген болатын. Бүгінгі сайлауға оның 188-і қатысты. Сайлауды барлық талаптарға сай өткіздік. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды да естен шығарған жоқпыз. Барлық ережелер сақталған күйде, әділ түрде өтті», - дейді СҚО Сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов.

Сайлау нәтижесі бойынша Ольга Перепечина 87,6 % - 162 дауыс алып, жеңіске жетті. Қарсыласынан айқын көрсеткішпен басым түскен Ольга Перепечина өзін қолдағандарға алғыс білдіріп, қызметін адал атқаруға уәде берді.

ҚР Парламент Сенатына депутат болып қайта сайланған Ольга Перепечина 1989 жылы Қорған ауылшаруашылық институтының «Экономика және ауылшаруашылық өндірісті ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.


Соңғы жаңалықтар