Сенат Жоғарғы Соттың екі судьясын қызметінен босатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы Сотының екі судьясы қызметінен босатылып, олардың орнына екі судья жаңа қызметке тағайындалды.

Атап айтқанда, ҚР Президенті Николай Мамонтов пен Нүрия Сынғалиеваны орнына түсуіне байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсыным жасаған. «Судьялар зейнеткерлік жасқа жеткен және сот жүйесінде қызмет атқарған уақытта өздерін беделді, тәжірибелі судьялар ретінде көрсетті, қызметтерін үлкен жауапкершілікпен атқарды», - деді бұл мәселе жөнінде сөз сөйлеген ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Бектас Бекназаров.

Бұдан бөлек, Сенаттың қаулысымен Серік Абдрахманов пен Мейрам Жанғұттинов ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайланды.

Сайланған судьялар Конституция нормаларына сәйкес, Сенат депутаттарының алдында ант қабылдады.

Соңғы жаңалықтар