Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

None
Фото: facebook.com/dana.tokmurzina.1
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы Дана Тоқмырзина қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп бұл судья басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылуы керек екенін айтты.

Осы орайда Парламент Сенатының қарауына Дана Айтмағанбетқызы Тоқмырзинаны Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату ұсынымы енгізілді.

Палата отырысында депутаттар аталған ұсынымға қолдау білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жоғарғы сот Кеңесінің рөлі мен мәртебесі күшейтіледі.


Соңғы жаңалықтар