Сенат жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу қағидаттары көзделген заңды қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Жолдауда жануарларды қорғауға қатысты құқықтық қатынастарды заңнамалық тұрғыдан реттеу қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда бүгін қабылданған Заңдарда жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу қағидаттары, олардың иелерінің міндеттері, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың осы бағыттағы құзіреттері бекітілген», - деп атап өтті Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар ол жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңнаманы бұзғаны үшін тиісті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделетіндігін атап өтті.

«Жалпы қабылданған Заңдар қоғамда гуманистік қағидаттарды дәріптеуге өз үлесін қосады деп сенеміз», - деді Сенат Төрағасы.


Соңғы жаңалықтар