Сенат жаңа лоукостерді іске қосуға бағытталған түзетулерді қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр авиация саласындағы техникалық аспектілерімен байланысты қызметтер Авиациялық әкімшілікке берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды.

«Азаматтық авиация саласына тоқталсақ, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 68-ші қадамын іске асыруда заң жобасы «Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым» жаңа ұғымын енгізеді. Бұл 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы дегенді білдіреді», - деді министр.

Осы орайда Азаматтық авиация комитетінің рұқсат беру және бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің техникалық аспектілерімен байланысты функцияларының бір бөлігі Авиациялық әкімшілікке беріледі. Ал мемлекеттік саясатты айқындау, заңнан туындаған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, әкімшілік айыппұл салу және тарифтік реттеу сияқты негізгі функциялар Азаматтық авиация комитетінде қалады.

Белгілі болғандай, аталған құжатта тасымалдаушылардың жолжүгі, багаждың салмағы мен габариттерін өздігінен анықтауға мүмкіндік беру арқылы бюджеттік әуе компанияны (лоукостер) іске қосуға бағытталған түзетулер қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар