Сенат Жамбылда минералды тыңайтқыш зауытын салу туралы келісімді ратификациялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламанет Сенатының жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатты Сенат өкілдеріне ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов таныстырды.

«Келісім Жамбыл облысында фосфат шикіз минералдық тыңайтқыштар мен ілеспе индустриялық өнімдер шығаруға дейінгі толық өндірістік циклі бар химиялық кешеннің құрылысы мен пайдалануын қамтамасыз ететін қажетті инвестициялар және нормативтік-құқықтық жағдайлар жасауды көздейді. Жобаны «Еврохимгрупп» трансұлттық ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорыны – Ресейдің «Еврохим» компаниясы іске асырады. Жобаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Айтуынша, жобаның бірінші кезең аяқталған. Тау-кен кешені пайдалануға беріліп, оның базасында жылына 660 мың тоннаға дейін фосфорит өндіру жолға қойылған.

«Қуаты жылына 640 мың тонна орташа ұсақтау және ұсақ ұнтақтау торабы салынды. Инвестиция сомасы 126 млн доллар болды. Қазіргі таңда 550 жаңа жұмыс орны ашылды. Екінші кезең өндіріс қуаты жылына кемінде 1 млн тонна болатын минералды тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдер өндіру жөніндегі химиялық инновациялық кешен салуға бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстандағы «Еврохим» компаниялар тобы екінші кезеңді озық қаржыландыру шеңберінде 137 млн доллар инвестициялады. 16 млрд 700 млн теңге салық төленді. 24 доллар көлемінде өңірдің экономикалық дамуына аударымдар түрінде төленді», - деді министр.

Сондай-ақ, ол жобаны іске асыру Қазақстан экономикасына тигізетін оң әсерін атады.

Олар:

- 1 млрд доллардан кем емес тікелей инвестиция тарту;

- Жаңа жұмыс орындарын құру. Оның ішінде құрылыс кезінде 2000-ға дейін жаңа жұмыс орындарын пайдалану арқылы кемінде 1200 жаңа жұмыс орнын құру;

- Елдің жалпы ішкі өнімін 5 жыл ішінде шамамен 2,2млр долларына арттыру;

- Экспорт және экспорттық түсім көлемін ұлғайту;

- ;Мемлекет бюджетіне салық түсімдерін 200 млрд теңгеге ұлғайту

- Қалдықсыз технология бойынша қуаты жылына кемінде 1 млн тонна минералдық тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдер өндірісін ұйымдастыру;

- Жаңатас және Қаратау моноқалаларының жедел дамуына ықпал ету;

- Минералдық тыңайтқыштардың импортын алмастыру.

Аталған келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдау туралы шешімге дауыс берген депутаттар заңды бірауыздан қабылдады.


Соңғы жаңалықтар