Сенат жалған кәсіпкерліктің жолын кесуге бағытталған жобаны Мәжіліске жіберді

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап, құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен Парламент Мәжілісіне қайтарды, 

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасының негізгі мақсаты - салық әкімшілігін жүргізуді күшейту болып табылады. Құжат бойынша коммерциялық ұйымдардың ғана емес, жеке кәсіпкердің де жалған кәсіппен айналысқаны үшін жауапқа тартылатыны көзделіп отыр. Сонымен бірге, заң жобасында Азаматтық, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер жалған мәміле жасаған салық төлеушінің  адал келісімшарт жасаушы агенттеріне фискалдық орындар тарапынан негізсіз тексеруге ұшырамауына мүмкіндік береді. Бұдан басқа,  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарға түзетулер қарастырылды.

Екінші оқылымда әзірлеу барысында сенаторлар бірқатар өзгерістер енгізді. Мәселен, жоғары палата депутаттары жобада ұсынылған «субъектілерді жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға соттың мәмілелерді алдын ала жарамсыз деп тану қажеттігі» туралы нормаға өздерінің қарсылығын білдіріп отыр. Депутаттардың пайымдауынша, бұл шара қылмыстың осы құрамы бойынша қылмыстық іс қозғау рәсімдерін елеулі түрде шиеленістіруге әкеп соғады.

Бұдан басқа, заң жобасына редакциялық және нақтылау сипатындағы өзгерістер енгізілген.  

Соңғы жаңалықтар