Сенат вице-спикері G-20 елдері Парламент спикерлерінің VIII саммитіне қатысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарт - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Индонезияда өткен G20 елдері парламенттері спикерлерінің VIII саммитіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ольга Перепечина әріптестерімен тұрақты даму мен жасыл экономиканы жеделдету, тиімді Парламент пен динамикалық демократияны одан әрі құру, әлеуметтік инклюзия мен гендерлік теңдікті нығайту, сондай-ақ әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, саммит барысында парламентшілер G20-ға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.

Кездесу нәтижесінде парламентаралық ынтымақтастық арқылы одан әрі өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізілді.





Фото:senate.parlam.kz



Соңғы жаңалықтар