Сенат үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған құжатты Мәжіліске қайтарды

None
None
ТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасының мақсаты үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үдерісінде туындайтын қоғамдық қатынастар субъектілеріне бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануға қатысты игеру жауапкершілігін арттыру көзделеді.

Заң жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үдерісінің жариялылығы мен ашықтығына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қызмет берушілерді сапалы іріктеп алуды қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, құжат мемлекеттік саясат басымдықтарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу кезінде республика мен оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктерін ескеру жөніндегі пәрменді тетіктерді құруға бағытталады.

Талқылау барысында сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған жобаға бірқатар түзетулер енгізген болатын. Атап айтқанда, жоғарғы палата «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты берушілер тізілімі» деген жаңа ұғым енгізіп отыр. Бұған қатысты жаңа нормалар да толықтырылды.

Соңғы жаңалықтар