Сенат төрағасының орынбасары ҰҚШҰ ПА отырысына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің бейне конференция байланысы түріндегі отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің желтоқсан сессиясының қорытындылары, ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдай және халықаралық шарттарды ратификациялау барысы талқыланды.

«Депутаттар сондай-ақ ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында экстремизм мен терроризмнің таралу қаупіне қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ ұйымға қатысушы елдерде осы жылы өткен парламенттік және президенттік сайлауға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан барған халықаралық байқаушылардың жұмыс нәтижелерін қарады», - деп атап өтеді Сенаттан.


Соңғы жаңалықтар