Сенат Төрағасы Ватиканға жұмыс сапарымен барады

None
None
АСТАНА 4 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенатының Төрағасы осы аптада Ватиканға жұмыс сапармен барады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«5-7 ақпан аралығында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылар съезі хатшылығының басшысы Қайрат Мәми Ватикан мемлекетіне жұмыс сапармен аттанады. Cапар барысында ол Рим папасы Бенедикт XVI-ның қабылдауында болып, Ватиканның басқа да жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі деп күтілуде», - деп атап өтті ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар