+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Сенат төрағасы Ұлыбритания елшісімен кездесті

2021 жылғы 12 наурыз 13:47
Бөлісіңіз:
Сенат төрағасы Ұлыбритания елшісімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат төрағасы: Қазақстандықтардың 86 пайызы қазақ тілін біледі Сенат төрағасы Словакияның Сыртқы және Еуропа істері министрімен кездесті Мәулен Әшімбаев Дүниежүзілік Ислам Лигасының өкілімен кездесті

Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында парламентаралық байланыстар арқылы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайында сөз болды. Сенат төрағасы Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында орналасуының стратегиялық маңызы бар екенін айтып, еліміз жақсы инвестициялық ахуал қалыптастыруға баса мән беретінін жеткізді.

«Біз өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыра алдық. Былтырғы қараша айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қабылдады. Инвестицияның көлеміне, мерзіміне және жұмыс орнына байланысты инвесторлар 10 жылға дейін корпоративті, жер, қосымша құн салықтарынан және мүлікке салынатын салықтан босатылады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат төрағасы елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың да нәтижелі дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Палата спикері британиялық жоғары оқу орындары қазақстандық студенттер мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасында жоғары сұранысқа ие екенін де атап өтті. Сондай-ақ, ол былтырғы қараша айында Ұлыбританияда тарихта алғаш рет ағылшын тілінде «Abai. Book of Songs» атты Абай әндерінің жинағы жарық көргенін, бұл ұлы ойшылдың мұраларын дәріптеуде аса маңызды екенін айтты.

Бұдан басқа, Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания тарапын осыған дейін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездеріне қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, англикан шіркеуінің өкілдерін алдағы форумға және оның Хатшылығының жұмысына қатысуға шақырды.

«Біздің еліміздің бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізіліп келе жатқаны белгілі. Қазіргі таңда бұл Съезд әлемдегі рухани көшбасшылардың жаңа замандағы өзекті мәселелерді талқылайтын беделді форумына айналды. Біз Англикан шіркеуінің басшылығына Съезд Хатшылығының жұмысына белсенді қатысып келе жатқаны үшін алғысымызды білдіреміз», – деді Сенат Төрағасы.

М. Әшімбаев өз сөзінде Қазақстан Парламентінің Сенаты екі елдің арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін тиісті жұмысты жалғастыра беретініне де тоқталып өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT