Сенат төрағасы: Үкімет құқық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударуы қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет құқық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударуы қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы заң шығару процесін жетілдіру мәселелері жөніндегі Үкімет сағатында жоғары палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекетіміздің қазіргі даму жағдайында жоғары сапалы заңдар жүйесін қамтамасыз ету айрықша маңызға ие. Олардың тиімділігі заң шығармашылығы процесінің барлық тұстарын жан-жақты ойластырумен тікелей байланысты екені түсінікті. Заң шығару процесін жете бағаламау немесе оны оңайлату көптеген заңнамалық және құқық қолданудағы қателіктерге алып келетіні сөзсіз», - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында цифрлық индустрияны дамыту басқа салалардың өркен жаюына ерекше серпін беретінін атап көрсеткенін еске салды.

«Алдыңғы қатарлы технологиялар мен әзірлемелерді заң шығару процесінде пайдалану заңнамалық процестің сапасына оң ықпалын тигізетіні анық», - деді ол.

Осы ретте Қ.Тоқаев Үкімет құқық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударуы қажеттігін ескертті.

«Заңдардың дұрыс орындалмауы немесе бұрмалануы олардың сапасын жоққа шығарады және халықтың сенім деңгейіне айтарлықтай кері әсерін тигізеді, сәйкесінше бұл мемлекетіміздің реформалары мен орнықты даму стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру барысына айтарлықтай теріс ықпал етуі мүмкін»,- деді Сенат спикері.

Соңғы жаңалықтар