Сенат төрағасы Санкт-Петерборда Ж.Жабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

None
None
НКТ-ПЕТЕРБОР. 9 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы / - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық парламентшілер делегациясы Санкт-Петербордағы Жамбыл Жабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, баба рухына тағзым етті.

Жамбыл Жабаев ескерткіші 2003 жылы 30 мамырда ашылған. Ескерткiшке: "Дар от народа Казахстана, к 300-летию Санкт-Петербурга" деп жазылып, Жамбыл Жабаевтың "Ленинградтық өренiм" өлеңiнiң шумақтары алтын әрiппен өрiлген. Бұл жазулар субұрқақтың толқынмен ойнап,ерекше әсер қалдырады. Жамбыл ақынның ескерткiшi кез келген адамға көтеріңкі рух береді. Жетi қанат қазақ үй, сыңғырлаған субұрқақ ескерткiшке сән берiп тұр.
Ескерткiш қоладан құйылған. Жыр алыбы Жамбылдың бүкiл тұлғасы сыйып тұрған оның биіктігі 5 метрдей. Ескерткiш авторларының құрамында питерлiк атақты суретшi-архитектор Феликс Романовский, мүсiншi Валентин Свешников және қазақстандық мүсiншi Бауыржан Әбiшев болды.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық парламентшілер делегациясы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысу үшін Санкт-Петербор қаласына келді.

Соңғы жаңалықтар