Сенат төрағасы мен ДСҰ басшысы ҚР Президентінің әлемдік қоғамдастыққа ұсынған жаңа бастамалары туралы пікір алмасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберто Азеведомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Төраға ДСҰ басшысын ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталуымен құттықтады, Қ.Тоқаевтың пікірінше, бұл Қазақстан мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіндегі Р.Азеведоның елеулі еңбегінің мойындалуы болып табылады.

Сенат басшысы Н.Назарбаевтың «100 қадам» Ұлт жоспарының елеулі бөлігі еліміздің әлемдік экономикаға тығыз ықпалдасуы жағдайында индустрияландыру мен экономикалық өркендеуді қамтамасыз етуге арналғанын атап өтті. Осыған байланысты, Парламент пен Үкіметтің бірлескен іс-қимылы ұлттық заңнаманы жетілдіруде кешенді жұмыстарды жүзеге асырады. Төраға Сенатта ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүшелікті есепке ала отырып, отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігі мәселелері бойынша сәуірде парламенттік тыңдау өткенін айтты.

Кездесу барысында жүздесушілер Қазақстан Президентінің Астана экономикалық форумы барысында адам капиталын дамыту, офшорсыздандыру мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдік қоғамдастыққа ұсынған жаңа бастамалары туралы пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар