+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Сенат төрағасы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

2021 жылғы 19 маусым 13:10
Бөлісіңіз:
Сенат төрағасы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның медицина саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да биыл Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы 600-ден астам шағым түскен Әзербайжанда COVID төлқұжаттарын тексеруге арналған мобильді қосымша таныстырылды Тәулігіне 3 мың шақырту: қарағандылықтар жедел жәрдемге жиі жүгіне бастады

«Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Денсаулық сақтау жүйесі қашанда еліміз үшін ең негізгі салалардың бірі. Әсіресе, пандемия басталғалы бері денсаулықтың қадірін бұрынғыдан да артығырақ түсініп жатырмыз. Осы кезеңде ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орны мен атқаратын рөлі қаншалықты маңызды екеніне анық көз жеткіздік.

Жұма күні елордамызда індетпен күрес жұмыстарына зор үлес қосқан медицина қызметкерлеріне арналып «Алтын жүрек» ескерткіші ашылды. Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы дәрігерлердің қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» атағын енгізуді ұсынды. Атақпен бірге материалдық сыйақы да беріледі. Мұның бәрі осы бағытта тер төгіп жүрген мамандардың еңбегіне берілген лайықты баға екені сөзсіз.

Барша медицина қызметкерлерін мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! Әрдайым кәсібиліктің биігінен көріне беріңіздер!»,-деп жазды Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, медицина саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтеді. Бұл күнді мерекелеу1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT