+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Сенат Төрағасы Франция Елшісімен кездесті

2021 жылғы 23 ақпан 16:27
Бөлісіңіз:
Сенат Төрағасы Франция Елшісімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар халықаралық шарттарға өзгерістер енгізетін заң жобасын мақұлдады Дана Нұржігіт: Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек Сенаторлар халықаралық шарттар туралы заң жобасын қарайды

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, оның ішінде парламентаралық байланысты арттыру мәселелері сөз болды.

«Қазақстан Парламентінің екі палатасында да Франция Парламентімен ынтымақтастық бойынша топ жұмыс істейді. Біз парламентаралық байланысымыздың серпінді қарқынын сақтауға және француз парламентариімен сындарлы жұмыс істеуге мүдделіміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Екі мемлекеттің қолдауымен 2018 жылы «Абай-Верн» халықаралық білім бағдарламасы қолға алынған еді. Бүгінде осы бастама бойынша алғашқы стипендиаттар Францияда оқуларын аяқтап үлгерді.

«Қазақстандық студенттер Францияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша да білім алуда. Қазіргі таңда бұл бағдарламаның түлектері елімізде мемлекеттік қызметте және жеке секторда лайықты еңбек етіп жүр. Сондай-ақ, Алматыда «Сорбонна-Қазақстан» институтының жемісті жұмысын атап өткен жөн. Қазақстанның бірнеше қаласында «Альянс-Франсэз» мәдени-білім беру агенттігінің өкілдіктері жұмыс істейді. Мұның бәрі елдеріміздің мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығының нақты нәтижесі екені сөзсіз», – деді Сенат Төрағасы.

Одан бөлек, Мәулен Әшімбаев Қазақстан Парламентінің Сенаты екіжақты ынтымақтастыққа қатысты осы және басқа да мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды атқарып, Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай нығайтуға ықпал етуді жалғастыра беретінін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT