Сенат төрағасы депутаттарға Президент тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаторлар дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау керек. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақтыланған бюджеттің жаңа параметрлері Президенттің Жарлығымен бекітіліп, жарияланды. Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдауға бағытталған қаражаттың көлемі 6 триллионға жуық теңгені құрайды. Бұл қаржы дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған, экономиканы, шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы мен азаматтарды осы күрделі жағдайда қолдауды көздейді. Біздің міндетіміз – дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жасау, осы шаралар туралы халықты хабардар ету», -деді Д. Назарбаева Сенаттың жалпы отырысында.

«Сондықтан Сенат комитеттеріне өз бағыттары бойынша, өңірлерден сайланған депутаттарға – өз өңірлері бойынша, Президент тапсырмаларының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізуді, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларының іске асырылуын бақылауға алуды тапсырамын», - деді Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы отырыс барысында Дариға Назарбаева Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын қайта қарау керектігін айтты.



Соңғы жаңалықтар