Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Армения Президентімен кездесті

2019 жылғы 20 мамыр 19:05 526
Бөлісіңіз:
Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Армения Президентімен  кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин: Депутаттар ұсынысы бойынша Үкімет нақты жұмысты ұйымдастырады Әлеуметтік нысандардың жобаларын ерекше қадағалау керек - Наталья Годунова

Армения Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, «маңызды шешімдер қабылдаудағы Елбасының даналығы мен өз халқын алға бастаудағы қарқынды істерін» атап өтті.

Д.Назарбаева Астана экономикалық форумына белсенді қатысқаны және Еуразиялық медиа форумға тұрақты қолдау көрсеткені үшін А.Саркисянға алғыс білдірді.

«Еуразиялық медиа форумға Сіздердің қатысуыңыз баршаға ортақ тосынсый болады. Сіз «медиа форумның әкесі» болып табыласыз және медиа қоғамдастығының батыс бөлігі арасында оны ілгерілету үшін көптеген істер атқардыңыз», - деді Парламенттің жоғарғы Палатасының басшысы.

Армения Президенті өз еліндегі ішкі саяси жағдай туралы Сенат басшысына айтып беріп, қазіргі күрделі мәселелерді еңсеру және дамудың жаңа жолына шығуда Армения халқының мүмкіндігі жеткілікті екенін атап өтті.

Сенат төрағасы Армения транзит кезеңін еңсеретініне сенім білдірді және елдегі маңызды саяси оқиғалар туралы А.Саркисянды хабардар етіп, Қазақстан халқы болашаққа зор сеніммен қарайтынын атап өтті.

«Бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыру - басты міндет», - деді Сенат басшысы.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Армения Президентімен  кездесті

Сенат төрағасы Арменияның Ұлттық Жиналысымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.

Д.Назарбаеваның пікірінше, заң шығару қызметі бойынша тәжірибе алмасу үшін және екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту жолдары туралы пікірлесу арқылы парламенттік достық топтарының әлеуетін белсенді пайдалану қажет.

Тараптар ынтымақтастықтың келешегі зор салаларын талқылады. Армения Президенті Ереванның жасанды интеллект пен IT технологияларды дамыту, тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін атап өтті.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Армения Президентімен  кездесті

Сенат төрағасы шетелдегі армян диаспорасын ҚХР, Ресей және басқа да елімізбен шектесетін үшінші мемлекеттермен сауда жасаудағы артықшылықтарды пайдаланып Қазақстанға инвестиция салуға шақырды. 

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Армения Президентімен  кездесті

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Парламент,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT