Сенат төрағасы Чехия кәсіпкерлерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Чехияның Қазақстандағы Елшісі Р.Гиклды қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенат төрағасы Чехия Қазақстанның бұрынғы досы, Еуропа Одағындағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі екенін атап өтті.

Д.Назарбаева Қазақстандағы маңызды ішкі саяси оқиғалар, жүргізіліп жатқан реформалар мен кезектен тыс президент сайлауының нәтижелері туралы әңгімеледі. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лайықты әрі нық жеңіске қол жеткізді. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Елбасының стратегиялық бағытын іске асыру - басты бағытымыз», - деді ол.null

Сенат төрағасы еліміздің ішіндегі және халықаралық кеңістіктегі бейбітшілікті, пікірлесуді, тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін Чехияға ризашылығын білдірді.

Тараптар екі ел парламентшілерінің арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуді жақтайтындарын айтты. «Біздің елдеріміздің Парламенттерінде құрылған ынтымақтастық топтарының өзара іс-қимылын дамыта түсу қажет. Адамдар арасындағы байланыс - дипломатияның ең жақсы түрі», - деп атап өтті Парламент жоғарғы палатасының басшысы.

Д.Назарбаева чехиялық компаниялардың Қытай мен ЕАЭО елдеріне тауар тасымалының мүмкіндіктері туралы айта келіп, Чехия кәсіпкерлерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырды. Сенат басшысының пікірінше, автомобиль жасау, жасыл технологиялар, білім беру, денсаулық сақтау және туризм ынтымақтастықтың басым салалары болып табылады. «Қазақстанда артықшылықтар мен мүмкіндіктер өте көп. Аймақ өте белсенді дамып келеді», - деді Сенат басшысы.

Р.Гикл біздің еліміздің қақтығыстарды реттеу жөніндегі бітімгершілік күш-жігері мен екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өте келіп Қазақстанда жүзеге асып жатқан реформаларға назар аударды.

Соңғы жаңалықтар