Сенат спикері: Жаңа нормалар ауыл тұрғындарын жайылыммен қамтамасыз етуді көздейді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңнамаға жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында Қырғызстан исқяты көрші елдердің тәжірибесі ескерілді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған заң жобаларын таныстыру кезінде осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін де жайылым жерлері туралы мәселе қоғамда қызу талқыланғанын білесіздер. Соның нәтиіжесінде 2017 жылы арнайы «Жайылым туралы» Заң қабылданған болатын. Жер мәселелерін реттейтін Жер кодексі де бар. Бұдан басқа Ауыл шаруашылығы министрлігі, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар тарапынан жайылымдарды пайдалануға қатысты көптеген нормативік-құқықтық актілер қабылданған. Бірақ олар туындаған мәселені шешуге жеткіліксіз екенін көріп отырмыз. Сондықтан Сенат осы салаға баса мән беріп, мәселені жүйелі түрде көтеріп келеді. Жалпы ауылдық жерлерді дамыту – Сенат жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі», - деді Мәулен Әшібаев.

Сондай-ақ, ол заң жобасы палата депутаттарының бастамасымен зәріленгенін атап өтті.

«Жобаны дайындау барысында арнайы дөңгелек үстелдер, тиісті мамандармен кқптеген кездесулер өткізілді. Халықпен кездесу барысында да осы мәселелер талқыланды. Заң жобасына енгізілетін әзірлеу барысында комитет депутаттары көрші елдердің тәжірибелерін де назар аударды. Соның аясында Қырғызстанға барып, жайылымдарды басқару мен пайдалану мәселелерін зерделеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгін таныстырылып отырған нормалар әзірленді. Әрине, қордаланған мәселенің бәрін бір заңмен шешіп тастау мүмкін емес. Бірақ біздің бұл әрекеттеріміз осы бағыттағы проблемаларды шешуге оң әсерін туғызады деп ойлаймыз. Жалпы бұл нормалар жайылымдарды тиімді пайдалану және ауыл тұрғындарын жайылымдық жермен қамтамасыз етуді көздейді. Заң қабылданып жатса, алдағы бар мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деді Сенат төрағасы.


Соңғы жаңалықтар