Сенат спикері Ыстамбұлдағы ЕҚЫҰ ПА сессиясына қатысады

None
None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қайрат Мәми бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 22-ші сессиясына қатысады.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Сессия биылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Ыстамбұлда болады. Оған Еуропа, Азия және Солтүстік Америкадан келген делегаттар қатысады. ЕҚЫҰ-ны нығайтуға бағытталған және Хельсинки қорытынды актісінің 2015 жылы болатын 40 жылдық мерейтойына арналған «Хельсинки +40» бастамасы бұл форумның басты тақырыбы болады. ЕҚЫҰ ПА-ның алғашқы жалпы отырысында Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы сөзі сөйлеуі жоспарланып отыр. Қайрат Мәми сондай-ақ форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Соңғы жаңалықтар